Accessibility links

Йеменді федерацияға айналдыру жоспары мақұлданды


Йемен картасы. Көрнекі сурет.

Йемен картасы. Көрнекі сурет.

Йеменді федеративті бөлу жүйесін жасайтын арнайы комиссия елді алты әкімшілік аймақтан тұратын мемлекетке айналдыру жоспарын мақұлдады. Президент Абед Раббо Мансур Хади басқарған сарапшылар тобы бұл туралы 10 ақпанда мәлімдеді. Жоспар бойынша, Араб түбегінде орналасқан Йеменнің оңтүстігінде екі, шығысында төрт аймақ құрылады. ел астанасы Сана қаласы бұл аймақтардың ешқайсысына кірмейді.

Йеменді әкімшілік тұрғыдан бөлу жайындағы келіссөздер екі аптаға созылған. Елдің жаңа құрылымы жаңа конституция жобасында көрсетіліп, бекуі тиіс. Ал жаңа конституция жобасы бүкілхалықтық референдумда қабылданбақ.

Йеменде ондаған жылдар бойы қолданылған елді орталықтан басқару жүйесі талай рет елдің оңтүстігі мен солтүстігі арасындағы ішкі қақтығыстарға себеп болған еді.

Бұған дейін тәуелсіз мемлекет деп танылып келген Йеменнің оңтүстік жағынан шыққан көп саясаткерлер тек екі аймақ құруды қолдаған.
XS
SM
MD
LG