Accessibility links

Сириядан химиялық қарудың үшінші бөлігі әкетілді


БҰҰ-ның Дамаскіде жүрген химиялық қару жөніндегі сарапшылары. Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның Дамаскіде жүрген химиялық қару жөніндегі сарапшылары. Көрнекі сурет.

Сириядан химиялық қару-жарақтың үшінші партиясы шығарылды. Сириядағы химиялық қару-жарақтарды жоюмен айналысып жатқан Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, қауіпті заттар норвегиялық танкерге тиеліп, Қытай, Ресей және Дания кемелерінің қарауылымен әкетілді.

Сирия химиялық қаруды жою мерзімінен бір айға кешігіп келеді. Бірақ Дамаск химиялық қаруды елден шығару жоспарланғандай осы жылдың 30 маусымына дейін орындалады деп санайды.

Дүйсенбіде Женевада Сирия үкіметі мен оппозицияның арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталған. Алдағы күндерде БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Лахдар Брахими Дамаск үкіметі мен оппозиция өкілдерінің әрқайсысымен жеке кездесу өткізбек.

Қаңтар айында Женевада өткен келіссөздердің алғашқы кезеңінде тараптар айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмаған.
XS
SM
MD
LG