Accessibility links

Келімбетов: Долларды 185 теңге етіп ұстаймыз


Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз жиынында. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов баспасөз жиынында. Алматы, 11 ақпан 2014 жыл.
Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов банк теңгенің бағамын 1 АҚШ долларына шаққанда 185 теңге көлемінде ұстап тұруға күш салатынын мәлімдеді.

"Біз валюта бағамының күрт құбылып кетуінің алдын аламыз. Ұлттық банктің теңгенің долларға шаққандағы бағамын 185 теңге көлемінде ұстап тұруға барлық мүмкіндігі бар" деді Келімбетов Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында.

Келімбетов бұған қоса Ұлттық банк пен үкімет биыл инфляция деңгейін 6-8 пайыз көлемінде ұстап тұруға да тырысатынын айтты.

Ұлттық банк бүгін теңгенің бұрынғы бағамы - 1 АҚШ долларына шаққанда 155 теңге деңгейінде ұстап тұру саясатынан бас тартып, айырбас бағамын бірден 185 теңгеге көтерген.

Бұдан соң кейбір валюта айырбастау пунктері мен банктерде доллар бағамы бірден көтеріліп, айырбас бағамы 200 теңгеге жуықтады. Кейбір банктер доллардың құнын әзірге көрсетпей отыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Келімбетов жиында валюта айырбастау пункттерінің доллар бағасын Ұлттық банк белгілеген бағадан 2 теңгеге ғана қымбаттата алатынын, одан көп болған жағдайда лицензияларынан айырылуы мүмкін екенін де ескертті.
XS
SM
MD
LG