Accessibility links

Кей аймақтарда доллар құны 200 теңгеден асқан


Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. 11 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстандағы кейбір валюта айырбастау пунктерінде доллардың құны 200 теңгеден асып кетті. Көп пунктер валюта айырбастауды тоқтатты.

Азаттықтың Астанадағы тілшісінің хабарлауынша, қазір ақша айырбастау пунктерінде доллар тек сатып алынып жатыр, сату тоқтатылған. Жеке меншік айырбастау пунктінде долларды 180 теңгеден сатып алып, 205 теңгеден сатып алып жатыр.

Алматыдағы пунктерде доллар курсы 186,6 теңгеден 190 теңгеге дейін құбылып тұр. Бірақ көпшілігі доллар мен еуро сатпайды.

Азаттықтың Талдықорғандағы тілшісі кейбір ақша айырбастау пунктерінде доллар 220 теңгеден сатылып жатқанын айтады.

Ақтөбедегі екінші деңгейлі банктердің бірінде доллар 189 теңгеден сатылып жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бірнеше ірі банктердің филиалдарында валюта сату тоқтатылған. Кейбір жекеменшік айырбас пунктерінде доллар 170 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгін Ұлттық банк теңгенің бұрынғы бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартып, доллар айырбасының жаңа бағамын 185 теңге деп белгілеген еді.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі бүгін таратқан хабарламасында "ақша айырбастау пунктерін банктер мен Орталық банк шетел валютасымен жеткілікті түрде қамтамасыз ететіні" айтылған. Бірақ көптеген айырбас пунктері қолма-қол доллар мен еуро жоғын айтып, шетел валютасымен операция жасауды тоқтатқан.
XS
SM
MD
LG