Accessibility links

Шымкентте доллар сату тоқтап тұр


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы.

11 ақпанда Шымкентте доллар бағамының 185 теңгеге көтерілуіне байланысты ақша айырбастау пункттері долларды сатуды, ал қаладағы банктер долларға қатысты операцияларын жаппай тоқтатты. Айырбастау пункттерінде 1 долларды сатып алу 156 теңгеден жүріп жатыр. Әмбебап дүкендерде баға әзірге тұрақты.

«Hyper House» сауда орталығындағы ақша айырбастау пункті доллар сатуды сағат 11.00 шамасында тоқтатты. Пункт дәл қазір тек қана долларды 156 теңгеден сатып алуда. Сатушы Қуаныштың айтуынша, таңертең 1 долларды 155 теңге 85 тиынға сатқан. Енді доллардың құны тұрақтамағанша сату тоқтатылды.

Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған азамат Азаттыққа екі сағаттың ішінде 7 ақша айырбастау пунктіне барғанын, бірақ барлығы доллар сатуды тоқтатқанын, банктер ақша беру операциясын жүргізбей жатқанын жеткізді.

Ақша айырбастау пункттеріне бағаның өскенін білмей долларын теңгеге айырбастағандар да болды. Доллардың күрт көтерілгенін естіген делдалдар да ақша айырбастау пункттерін торуылдап жүр. Олар бұл ақпараттан хабарсыз тұрғындардан 1 долларды 156 теңгеден сатып алып жатыр.

Қаладағы суппермаркеттерде бағаның өскені байқалмайды. Мәселен, қаладағы ірі дүкендердің бірі «Сулпакта» баға қалыпты. Бұл дүкен қызметкерлерінің айтуынша, бағаны Алматыдағы «Сулпак» орталығы белгілейді. Әзірге баға өсіру туралы хабар жетпепті.
  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG