Accessibility links

Үндістан олимпиадаға қатыса алады


Олимпиада ойындары белгісі. (Көрнекі сурет).
Олимпиада ойындары белгісі. (Көрнекі сурет).
Халықаралық олимпиада комитеті Үндістанның олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат берді. 2012 жылы Үндістанның ұлттық олимпиада комитетінің басшылығы коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінген соң бұл ел олимпиада ойындарынан шеттетілген еді.

Сочи олимпиадасына үндістандық үш спортшы қатысып жатыр. Бұған дейін шектеуге байланысты олар жарысқа халықаралық олимпиада комитетінің атынан қатысқан. Енді олар жарыстарға Үндістан ұлттық олимпиада комитетінің атынан қатыса алады.

9 ақпанда Үндістан ұлттық олимпиада комитеті жаңа президенті етіп халықаралық сквош спорты федерациясының басшысы Нараяна Рамачандрананы сайлаған.
XS
SM
MD
LG