Accessibility links

Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы босатылды


Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы, Мәскеуде ұсталған Әділ Тойғанбаев босатылды. Әділ Тойғанбаев 9 ақпанда Интерполдың сұрауы бойынша Мәскеудің Шереметьево әуежайында Еуропаға ұшпақ болған жерінен ұсталған еді.

Тойғанбаевтың адвокаты Икрамидин Айткуловтың Азаттыққа хабарлауынша, Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Қазақстан азаматы болғандықтан Қырғызстанға экстрадицияланбайды.

Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның бұрынғы күйеуі Әділ Тойғанбаев - Қазақстан азаматы. Қырғызстан үкіметі оны "салық төлеуден жалтарды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған.

Былтыр Тойғанбаев Қазақстанда ұсталған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын айтып, оны Бішкекке беруден бас тартқан.

Айтқұловтың айтуынша, Ресей билігі Тойғанбаевқа қатысты барлық құжаттарды Қазақстанға бермек.
XS
SM
MD
LG