Accessibility links

АҚШ конгресі мемлекеттік қарыз шегін ұлғайтты


АҚШ конгресі. (Көрнекі сурет)

АҚШ конгресі. (Көрнекі сурет)

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы мемлекеттік қарыздың шекті мөлшерін 2015 жылдың наурызына дейін көтеруді қолдап дауыс берді. Енді мұны сенат мақұлдаса, онда мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруға қазіргі қарыздың ең жоғарғы шегі - 17 триллион 200 миллиард АҚШ долларынан көп қаржы алуға жол ашылады. Мемлекеттік қарыз шегін өсіруді 221 конгресс депутаты қолдап, 201-і қарсы дауыс берді. Сенаттағы дауыс беру осы аптада өтеді.

Өкілдер палатасында көпшілікті құрайтын Республикашыл партия өкілдері бұл жолы дауыс беруде қандай да бір талап қойған жоқ. Бұған дейін республикашылдар президент Барак Обаманың бастамасымен қабылданған медициналық сақтандыру саласын реформалауды қаржыландыруды тоқтатуды талап еткен болатын. Былтыр осы және өзге де бюджеттік мәселелерге қатысты Демократиялық партия мен Республикашыл партия арасындағы келіспеушіліктерден бірқатар мемлекеттік мекемелер жабылып, АҚШ дефолтқа ұшырай жаздаған еді.

Бұл жолы Республикашыл партия жетекшілері мемлекеттік қарыз шегін өсіруге қатысты ешқандай шарт қоймады. Себебі, ондай шарттарды өкілдер палатасы мүшелерінің көпшілігі қолдамайтыны белгілі болған.
XS
SM
MD
LG