Accessibility links

Девальвацияға наразылар Алматы әкімдігіне барды


Ұлттық банк алдында тұрған наразылар. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл.

Ұлттық банк алдында тұрған наразылар. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл.

Бүгін Алматы қалалық әкімдігінің алдында бір топ адам жиналып, теңгенің құнсыздануына байланысты наразылықтарын білдірді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар теңгенің құнсыздануына байланысты қалада азық-түлік, коммуналдық төлемдер мен басқа да қызметтердің бағасы қымбаттайды деген алаңдаушылықтарын айтқан.

Бұл азаматтар бүгін мұның алдында Алматыда Ұлттық банктің теңгені девальвацияға ұшыратқанына наразылық танытқан еді. Наразылардың кейбірі Ұлтық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің отставкаға кетуін, 2006-2007 жылдары алған ипотекалық несие қарыздарын жоюды талап еткен.

Ұлттық банк кеше, ақпанның 11-і күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартып, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді.

Ақпанның 11-і күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің құнсыздануын "әлемдік қаржы нарықтарындағы тұрақсыздықпен, Ресей рублінің арзандауымен" түсіндірген.
XS
SM
MD
LG