Accessibility links

Қорғаныс вице-министрі тұтқындалды


Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев.
Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев.
Ақмола гарнизонының әскери соты "пара алды" деген күдікпен ұсталған қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеевті қамауға алды деп хабарлады бүгін Tengrinews сайты.

Әскери сот төрағасы Дәулет Молдабаев қылмыстық қудалау органдарының Майкеевті ақпанның 20-сына дейін тұтқында ұстау туралы сұрауын қанағаттандырған.

Бұған дейін Майкеев 2 миллион АҚШ доллары көлемінде "пара алды" деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді. Прокурордың айтуынша, Майкеев "252 миллион теңге және 147 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды" деген күдікке ілінген. Прокурор оның бостандықта жүріп тергеу амалдарына кедергі келтіруі мүмкін деген себеппен қамауға алынғанын айтады.

Бағдат Майкеев қорғаныс министрінің орынбасары қызметін 2011 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді.
XS
SM
MD
LG