Accessibility links

Шеңгелдідегі кісі өліміне қатысты сот өтіп жатыр


Шеңгелді ауылы картада.

Шеңгелді ауылы картада.

Қаскелеңде Алматы облыстық соты Шеңгелді ауылында "19 тамызда оқ атып, жергілікті 29 жастағы тұрғынды өлтірді" деген айып тағылған адамдарың соты өтіп жатыр. Бұл туралы сотқа жәбірленуші тараптан қатысып жатқан белсенді Мұхтар Тайжан хабарлады.

Белсендінің айтуынша, сот ашық түрде өтіп жатыр.

19 тамызда Шеңгелдіде жергілікті тұрғындар арасында болған төбелестен 29 жастағы Мадияр А. есімді жігіт қаза тауып, тағы бір жігіт жараланған еді. Кісі өліміне күдіктілер ретінде Шеңгелді ауылының тұрғындары Ваха Угазаев және Арсен Агузаев деген екі азамат қамалған.

Мадияр А-ның қазасынан соң Шеңгелді ауылы тұрғындары арасында этникалық сипаттағы жанжалға ұласу кету қаупі туындаған болатын. Бірақ билік орындары ауылдағы жағдайды бақылауға алып, кейін ішкі істер министрлігі қылмыстық оиғаның "этникалық астары жоғын" мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG