Accessibility links

Қытайдың Айдағы аппараты істен шықты


Қытайдың Айдағы "Юйту" ғарыш аппараты. 15 желтоқсан 2013 жыл.

Қытайдың Айдағы "Юйту" ғарыш аппараты. 15 желтоқсан 2013 жыл.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Айды зерттеуге ұшырылған "Юйту" ғарыш аппараты істен шықты деп танылды. China News Service-тің ақпараты бойынша, "аппаратты қайта іске қосу мүмкін емес".

Айға ұшырылған аппараттан қаңтар айында ақау шыққан еді. Аппарат ол кезде жұмысын қайта бастап, қытайлық инженерлер оны бұрынғы қалпында жұмыс істейді деп үміттенген.

Салмағы 140 килограмм болатын аппарат Айға өткен жылдың желтоқсан айында қонған еді. Оны Жер орбитасына қытайлық зымыран шығарған. Айда ғылыми зерттеу жүргізу үшін ұшырылған аппарат онда бір жылдай болады деп жоспарланған еді.
XS
SM
MD
LG