Оппозиционерге «көк дәрі» шашу
Украинаның оппозициялық «Батькивщина» партиясының жетекшісі Арсений Яценюк «қызмет өкілетін асыра пайдаланған» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталып, жылдан астам уақыттан бері Харьковте ауруханада емделіп жатқан Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың халін білуге барған еді. Ауруханадан шығып келе жатқан оппозиция лидеріне әлдекімдер шашқан «көк дәрі» (зеленка) оның үсті-басына жұғып қалды. Кенеттен болған оқиға кезінде ұстамдылық танытқан Яценюк ол туралы кейін баспасөз мәслихатында айтуға уәде беріп, комментарий беруден бас тартты.