Accessibility links

Денис Кузин конькимен жүгіруде жетінші болып келді


Қазақстандық Денис Кузин конькимен 1000 метрге жылдамдықпен жүгіру жарысында. Сочи, 12 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық Денис Кузин конькимен 1000 метрге жылдамдықпен жүгіру жарысында. Сочи, 12 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық конькимен жүгіруші Денис Кузин Сочи олимпиадасында 1000 метр қашықтыққа жылдамдықпен жүгіруден жетінші болып келді.

12 ақпанда өткен жарыстың бұл түрі бойынша голландиялық спортшы Стефан Гротхейс мәреге бірінші болып жетіп, алтын медальді иеленді. Кузин одан 0,71 секундқа қалып қойды.

Қазақстандық тағы бір конькимен жүгіруші Роман Креч 13, Федор Мезенцев 33 орын алды.

Денис Кузин бұл жарыс бойынша олимпиада медалінен басты үміткерлердің бірі болған еді.

Қазақстан спортшылары әзірге Сочи олимпиадасынан бір де бір медаль алған жоқ.
XS
SM
MD
LG