Accessibility links

Қазақстандықтарға Ұлыбританиядағы табиғи қауіп жайлы ескертті


Лондондағы әуежайдың биіктен көрінісі.

Лондондағы әуежайдың биіктен көрінісі.

Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қазақстандық туристерді Ұлыбританиядағы су тасқынына байланысты бұл елдің бірнеше графтығына барудан сақтандырып отыр.

Министрліктің туризм индустриясы комитеті Ұлыбританияда жүрген немесе сол жаққа баратын қазақстандық туристерді Беркшир, Гемпшир, Суррей, Сомерсет, Девон және Уэльс графтықтарында үлкен су тасқыны болып жатқанын ескерткен.

BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбританияда бірнеше күнге созылған нөсер жауын мен қатты желден аталған графтықтарды жүздеген үйді су басқан. Табиғи апаттан зардап шеккен Ұлыбританияның оңтүстігінде мыңдаған үй электр қуатынан ажырап, теміржол байланысы үзілген, жолдар жабылған.

Таяу күндері Темза өзеніндегі су деңгейі көтеріле береді деген болжам айтылады. Басқа графтықтарда да су тасу қаупі бар.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон судан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету шараларын ұйымдастыру үшін алдағы аптада Израиль мен Палестинаға жоспарлаған сапарын кейінге қалдырды.
XS
SM
MD
LG