Accessibility links

Каримовтың Чехияға сапары кейінге қалды


Чехия президенті Милош Земан және Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Чехия президенті Милош Земан және Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Чехия президенті Милош Земанның кеңесшісі Хинек Кмоничектің Азаттыққа хабарлауынша, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Прагаға сапары кейінге қалды.

Каримов Чехияға 20-22 ақпанда сапарлайды деген хабардан соң 30-ға жуық құқық қорғау ұйымдары наразылық танытып, Чехия президенті Милош Земанға "Каримовты шақырма" деп ашық хат жазған еді. Ал Земан жауабында құқық қорғау ұйымдарын "жалған ақпарат" беріп, "екіжүзділік танытты" деп айыптаған.

Каримов 2005 жылғы Әндіжан оқиғасынан кейін ЕО елдеріне екі-ақ рет – 2011 жылы Брюссельге, 2013 жылы Ауғанстаннан әскер шығару туралы келіссөз өткенде Латвияға барды. Соңғы сапарында онымен кездесуге Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мен НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссен ғана келіскен.
XS
SM
MD
LG