Accessibility links

Денис Тен Сочиде қысқа бағдарламада 9-орын алды


Денис Тен Сочидегі олимпиадада. 14 ақпан 2014 жыл.
Денис Тен Сочидегі олимпиадада. 14 ақпан 2014 жыл.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Сочидегі олимпиада ойындарында ерлер арасында өткен қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды.

Тен жарыс басында төрт айналым жасап секіру кезінде жығылып қалып, жиыны 84,06 ұпай иеленді.

Cочиде жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қысқа бағдарламада жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю алтын медаль иемденді. Ол жарыста 101,45 ұпай жинап, әлемдік рекорд жасады.

Екінші орынды 97,52 ұпай жинаған канадалық Патрик Чан алды.

Қазақстандық тағы бір мәнерлеп сырғанаушы бұл жарыста 64,18 ұпаймен 20 орын алды.
XS
SM
MD
LG