Accessibility links

Ресей бір жынысты жұптардың бала асырап алуына тыйым салды


Ресейдегі гомофобияға қарсы акция. Мадрид, тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресейдегі гомофобияға қарсы акция. Мадрид, тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев бір жыныстылар некесіне рұқсат етілген елдердің азаматтарына ресейлік балаларды асырап алуына шектеу қоятын үкімет шешімін шығарды. Былтыр қабылданған заңға өзгерістер енгізетін бұл құжат үкіметтің сайтында жарияланды.

Онда бір жыныстылар некесіне рұқсат етілген елдерде ресми некеде тұрған бір жынысты адамдарға және жалғыз басты гетеросексуалдарға ресейлік балаларды асырап алуға рұқсат берілмейтіні жазылған.

Былтыр Ресейде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заң қабылданған еді. Заң құқық қорғаушылардың наразылығын тудырып, белсенділер оны "қоғамда гомофобиялық ахуал туындатты" деп сынаған еді.

Ресейде бір жынысты қарым-қатынас үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы бап 1990 жылдардың ортасында заңнан алынып тасталған.
XS
SM
MD
LG