Accessibility links

Йеменде "Әл-Қаида" мүшелері түрмеден қашты


Иеменнің картасы. (Көрнекі сурет)

Иеменнің картасы. (Көрнекі сурет)

Йемен билігі бүгін содырлардың шабуылынан кейін Санадағы түрмеден қашып кеткен "Әл-Қаида" ұйымының сотталған 19 мүшесін іздестіріп жатыр.

Елдің ресми "Саба" агенттігінің хабарлауынша, содырлар 13 ақпанда Санадағы орталық түрменің қабырғасын көлікке жасырылған бомбаның көмегімен жарып жіберген. Жарылыстан кейін пайда болған ашық жерден түрмеге шабуылдаған қарулы топ жеті күзетшіні өлтірген. Содырлардың бір бөлігі осы түрмеде қамауда отырған "Әл-Қаида" мүшелерін босатуға ішке еніп кеткенде, бір тобы түрме қақпасы маңында күзетшілермен атысқан. Тағы бір топ содыр түрмеге жақын маңдағы нысандардан оқ жаудырған.

Йемен билігі оқиғадан соң шабуыл жасағандарға "Әл-Қаида" мүшелерін босатуға көмектесті деген күдікпен түрменің жауапты үш қызметкерін қамауға алды.

Түрмеден қашқан "Әл-Қаида" мүшелерінің арасында бұрынғы президент Әли Абдолла Салехқа 2011 жылы жасалған қастандыққа қатысты сотталғандар да бар.

Шабуыл кезінде түрмеден "Әл-Қаида" мүшелерінен өзге тағы 10 тұтқын қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG