Accessibility links

Назарбаев үкіметке "ескерту" жасады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Алматыға сапарында. 1 қаңтар 2014 жыл. (Сурет ресми сайттан алынды).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) Алматыға сапарында. 1 қаңтар 2014 жыл. (Сурет ресми сайттан алынды).

Бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер үкімет шетел валютасын тартуда іске кіріспесе, оны "отставкаға жіберетінін" айтып, ескерту жасады.

Жиында Назарбаев индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке қарата шетелдік инвесторларға жағдай жасау қажетін айтып, бұл мәселеде "сөзден іске көшуді" тапсырды.

"Біз инвесторлармен тіл табысуымыз керек. Сіздерге ескертемін, егер мұны істей алмасаңыздар, онда басқа үкімет орындайтын болады" деді Назарбаев.

Президент бұған қоса Қазақстанда тоғыз арнайы экономикалық аймақ барын, онда "инвесторларға барлық жағдай жасауға болатынын" айтты.

Назарбаев шетел инвестициясын өңдеу өнеркәсібіне, шағын және орта бизнес саласына тарту - "басты назарда болу керегін" де ескертті.
XS
SM
MD
LG