Accessibility links

Қазақстан Сочи олимпиадасында алғашқы медальға қол жеткізді


Денис Тен Сочи олимпиадаcындағы жарыста. 14 ақпан 2014 жыл.

Денис Тен Сочи олимпиадаcындағы жарыста. 14 ақпан 2014 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Сочидегі олимпиада ойындарында ерлер арасында өткен еркін бағдарламада үшінші орын алып, қола медальға ие болды. Сочиде жүрген Азаттық тілшісі осылай деп хабарлады.

Бұл - Сочи олимпиадасында Қазақстан қол жеткізген тұңғыш медаль.

Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанауда алтын медальді жапондық Юдзуру Ханю иеленсе, канадалық Патрик Чан күміс медаль ұтты. Жарыста Юдзуру Ханю тұтастай - 280.09 ұпай, Патрик Чан - 275.62 ұпай, Денис Тен - 255.10 ұпай жинады.

Бұдан алдын Денис Тен Сочидегі олимпиада ойындарында ерлер арасында өткен қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алған еді. Қысқа бағдарламада жапондық Юдзуру Ханю тағы да алтын медаль иеленіп, Патрик Чан екінші орын алған.

Сочиден Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Денис Тен еркін бағдарламада мінсіз өнер көрсеткен. Ал жарыс өткен "Айсберг" спорт сарайында қазақстандық жанкүйерлер бір-бірін құттықтап қуаныштарын білдірген. Денис Теннің "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі парақшасына да құттықтаулар толассыз түсіп жатыр.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG