Accessibility links

Сирия жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелді


Хомс қаласының эвакуацияны күтіп жүрген тұрғындары БҰҰ көлігінің маңында тұр. Сирия, 10 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Хомс қаласының эвакуацияны күтіп жүрген тұрғындары БҰҰ көлігінің маңында тұр. Сирия, 10 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің екінші туры 14 ақпан, сенбі күні өтеді жоспарланған еді. Алайда келіссөздерге қатысып жатқан қарсы екі тарап - Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері келіссөздердің тығырыққа тірелгенін хабарлады.

Оппозиция өкілдері "Сирия президенті Башар Асад орнынан кетсін" деген талап қойып отыр. Ал үкімет өкілдері келіссөздер "терроризм" мәселесін шешуі керек дейді. Халықаралық елші Лахдар Брахими қарсы екі тараптың арасында бітімгер қызметін атқарып отыр.

15 ақпан күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сарапшылары Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу туралы келіссөздерді бастады.

Осы аралықта АҚШ президенті Барак Обама мен Иордания королі Абдулла ІІ Калифорнияда Сирия келіссөздерін талқылаған.

Кеше түнде Сирияда үкімет әскері оппозицияны қолдайтын көтерілісшілермен атысқан. Мешіт жанындағы көлік жарылысынан ондаған адам қаза тапқан.

Хомс қаласынан БҰҰ көмегімен адамдарды эвакуациялау ісі уақытша тоқтатылған.
XS
SM
MD
LG