Accessibility links

Алматыда Абай ескерткіші маңына полиция күзеті қойылды


Темір турникеттермен қоршалған Абай ескерткіші. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.

Темір турникеттермен қоршалған Абай ескерткіші. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.

15 ақпан күні таңертең Алматыдағы Абай ескерткіші мен Республика сарайы темір қоршаумен қоршалды.

Азаттық тілшісі таңғы сағат 11-лер шамасында темір қоршаудың ішінде 5-6 полицей, қоршаудың сыртында 15 шақты құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргенін көрген.

Полиция қызметтік "Газель" көліктерін де апарып қойған. Тілші қызметтік көліктің үшеуін байқағанын хабарлады. Одан бөлек, Республика сарайы маңына жол патрульдік полиция қызметкерлері де барған.

Полицейлер Достық және Абай көшелерінің қиылысы маңынан өткен азаматтардың құжаттарын тексеріп жатыр.

Екі-үш күн бұрын әлеуметтік желілерде "Алматыда өтетін митинг" туралы ақпараттар таратылған еді.

Facebook желісінде азаматтық белсенді Ғалым Ағелеуов Алматы қаласының Бостандық ауданы прокуратурасы өкілдерінің ескерту қағазын тапсырғанын хабарлады. Онда әлеуметтік желілерде жұртты митингіге шақырған адамдардың жауапқа тартылатыны ескертілген.
XS
SM
MD
LG