Accessibility links

АҚШ Ауғанстан босатқан содырларға ескерту жасады


Содырлар қамалған Ауғанстан түрмесі. Кабул, 13 ақпан 2014 жыл.
Содырлар қамалған Ауғанстан түрмесі. Кабул, 13 ақпан 2014 жыл.
Кабул түрмеде отырған 65 содырды 13 ақпан күні босатқан еді. Пентагон босаған содырларға ескерту жасады. АҚШ үкіметі "егер олар АҚШ әскеріне шабуыл жасайтын болса, нысанаға алынады" деп мәлімдеген.

Пентагон баспасөз хатшысы, контр-адмирал Джон Кирби жұма күні "егер содырлар АҚШ-қа қарсы соғысқа қайта кіріссе, оларды америкалық әскерилер нысанаға алатынын" ескертті.

65 содырдың түрмеден босатылуы Кабул мен Вашингтонның онсыз да шиеленісіп тұрған қарым-қатынасын одан сайын ушықтырып жіберді.

Пентагон жұма күні Ауғанстанның шығысында екі АҚШ солдатын Ауғанстан әскерінің формасын киген адамдардың атып кеткенін мәлімдеді. Мұның алдында "Талибан" қозғалысы өкілдері осы аймақтағы аудан орталығына шабуыл жасаған еді. Кирби бұл екі шабуылдың арасында байланыс бар-жоғына болжам жасамады.
XS
SM
MD
LG