Accessibility links

Бүгін Сочиде жеті алтынның иелері анықталады


Ресейлік шанамен сырғанаушы (скелетон) Елена Никитина. Сочи, 14 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейлік шанамен сырғанаушы (скелетон) Елена Никитина. Сочи, 14 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сочи қысқы олимпиадасында 15 ақпан күні жеті алтын медаль иегері анықталады.

Бүгін әйелдер арасындағы шаңғы жарысының (Super-G) жүлдегерлері (Астана уақытымен 13:00) анықталады.

Одан кейін ерлер арасындағы шорт-тректен конькимен 1000 метрге (18:20) және 1 мың 500 метрге жарысудан (19:40) жеңімпаздар белгілі болады.

Әйелдер арасындағы 1 мың 500 метрге (шорт-трек) жарысудан кімдердің жүлде алатынын да бүгін (18:20) білетін боламыз.

Шаңғымен тұғырдан секіруден жүлде алғандардың аты-жөндері ақпанның 16-сына ауған түні (00:35) жарияланады.

Шанамен сырғанаушылар (скелетон) арасында ресейлік Александр Третьяков алтын алады (20:45), ал төрт төрттен шаңғымен жарысудан (5 километр - реле титул) норвегиялық әйелдер жеңеді (16:00) деген болжамдар жасалған.

Сенбі күні болатын қызықты ойынның бірі - хоккейден АҚШ пен Ресейдің ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде кездеседі (18:30).
XS
SM
MD
LG