Accessibility links

Астанада флешмобқа екі адам келді


"Хан Шатырдағы" акцияны өткізген екеу. Астана, 15 ақпан 2014 жыл.

"Хан Шатырдағы" акцияны өткізген екеу. Астана, 15 ақпан 2014 жыл.

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда орталығындағы флешмобқа екі адам келді. Олар Қазақстанда 11 ақпан күні жасалған девальвацияға наразылықтарын білдірді. Олар "Бұдан ары үндемеуге болмайды" деген сөз жазылған қағазды ауыздарына жапсырып алған.

Азаттық тілшісіне флешмоб өткізген жігіттердің бірі:

- Біз азаматтық позициямызды флешмоб арқылы білдіргіміз келді. Басқа шаралар қауіпті, - деді.

"Хан Шатырда" бұл акцияны түсіруге бірнеше журналист келді. Полицейлер де төбе көрсетті. "Хан шатыр" орталығы әкімшілігі өкілі флешмоб өткізіп тұрған азаматтарға тақай бергені сол еді, ол екеуі ғимараттан шығып кетті.

Аузын буған флешмоб акциясы өтетіні туралы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде бірнеше күн бұрын хабарланған еді. Акцияға бір күн қалғанда ұйымдастырушылар оның өтетін жерін ауыстырды.
XS
SM
MD
LG