Accessibility links

Наразылық шарасында ұсталғандар жауапқа тартылды


Полиция орталық алаңда наразылық білдірген жас азаматты көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.

Полиция орталық алаңда наразылық білдірген жас азаматты көлікке күштеп отырғызып жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл.

Алматыда сенбі күні теңге девальвациясына наразылық шеруіне қатысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматының мамандандырылған әкімшілік соты Әділхан Ермековті 10 тәулікке абақтыға отырғызу туралы шешім шығарған.

Сонымен бірге әкімшілік Алматыдағы тәуелсіздік ескерткіші маңында кеше өткен шеруде ұсталған ондаған белсендіге 3-тен 20 айлық есепттік көрсеткіш көлемінде (1 АЕК - 1852 теңге, немесе 10 АҚШ долллары) айыппұлдар салған.

Ақпанның 15-і күні жүзге жуық адам теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдіріп Республика сарайының маңына жиналған еді "Шал, кет!" деп айғайлаған наразы топты полиция Абай ескерткішіне өткізбей қойған соң, олар Тәуелсіздік ескерткіші тұрған орталық алаңға барды. Сол жерде ондаған адамды полиция күштеп көлікке салып, Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне апарып, бірнеше сағат ұстаған. Ұсталғандарға "заңсыз митинг ұйымдастырған" деген айыппен іс қозғалып, сенбі күні кешке әкімшілік сот оларды жазаға тарту туралы шешім шығарған.
XS
SM
MD
LG