Accessibility links

Әділ Тойғанбаев Мәскеуде тағы ұсталды


Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев.
Ресей астанасында полиция Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаевты тағы ұстағаны туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне оның адвокаты Николай Полозов хабарлаған.

Оның айтуынша, Тойғанбаев жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатқан жол инспекциясының өкілдері оның аты-жөнін біліп, халықаралық іздеудегі адам екенін анықтаған соң, ұстаған. Бішкек 2005 жылы Тойғанбаевтың үстінен "салық төлеуден жалтарды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыптар бойынша іс қозғап, оған Интерпол арқылы іздеу жариялаған.

"Қырғызстан заңы бойынша, билік шетелден үшінші елдің азаматын беруді талап ете алмайды, ал Тойғанбаев Қазақстан азаматы болғандықтан Ресей оны Қырғызстанға бермейді" дейді адвокаты.

Әділ Тойғанбаев Мәскеуде бір аптаның ішінде осымен екінші рет ұсталып отыр. Ресей полициясы оны 9 ақпанда Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұстап, 48 сағаттан кейін босатқан еді.

Тойғанбаевты 2013 жылы Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстан құқық органдары да ұстап, бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын мәлімдеп, оны қайтарудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG