Accessibility links

АІ: Ресей экологты түрмеден дереу босатуы тиіс


Ресейлік белсенді Евгений Витишко.

Ресейлік белсенді Евгений Витишко.

Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы Ресейді түрмеде отырған эколог Евгений Витишконы дереу босатуға шақырды. Витишконы ар-ождан тұтқыны деп атаған Amnesty International билік оны "ешқандай шартсыз дереу босатуы тиіс" деп мәлімдеді.

Халықаралық ұйымның сайтында жарияланған мәлімдемесінде Витишконы экологиялық қызметі үшін қуғынға салған биліктің мақсаты - Сочиде олимпиада нысандарын салуға байланысты қоршаған ортаның жағдайына алаңдаушылық танытқан белсенділердің үнін өшіру болып отырғаны айтылған.

12 ақпанда Ресейдің Краснодар аймағының соты бұған дейін Туапсинск қалалық сотының "Солтүстік Кавказ экологиялық вахтасы" қоғамдық ұйымының белсендісі Евгений Витишконы үш жылға бас еркіндігінен айыру туралы шығарған үкімін күшінде қалдырған еді. Сот Витишконы жергілікті экологтар аймақ губернаторы Александр Ткачевтің саяжайы деп санайтын құрылыс нысанының "қоршауын бүлдіргені" үшін айыпты деп таныған.

Сенбі күні Ресей билігі Халықаралық олимпиада комитеті Витишкоға шығарылған сот үкімінің азаматтық белсендінің экологиялық қызметіне қатысы жоқ деп сендіруге тырысты. Витишко Сочиде олимпиада нысандарын салу барысында табиғатқа залал тигізді деп Ресей билігін сынап келген еді.
XS
SM
MD
LG