Accessibility links

Сочиде тағы екі спортшы жарақаттанды


Жарыста жарақаттанған америкалық сноубордшы Жаклин Эрнандесті әкетіп барады. Сочи, 16 ақпан 2014 жыл.

Жарыста жарақаттанған америкалық сноубордшы Жаклин Эрнандесті әкетіп барады. Сочи, 16 ақпан 2014 жыл.

Жексенбі, 16 ақпанда Сочидегі олимпиада ойындарында екі сноубордшы жарақаттанып, ауруханаға түсті. Норвегиялық Элен Олафсон мен АҚШ спортшысы Жаклин Эрнандес "Роза Хутор Экстрим" паркі маңындағы жолда ылдидан түсіп келе жатып құлап, оларға дереу медициналық көмек көрсетілген.

АҚШ олимпиада командасы өкілдерінің хабарлауынша, Эрнандестің миы шайқалған, енді ол жарысқа қатыса алмайды.

15 ақпан күні де парктің дәл осы тұсында ресейлік шаңғышы Мария Комиссарова да құлап, бұғанасын жарақаттап алған еді. Оған сол күні алты сағатқа созылған операция жасалды.

Халықаралық олимпиада комитетінің ресми өкілі Марк Адамс Комиссарованың жарақат алуына өкініш білдірді. Оның айтуынша, жарыс жолын олимпиада комитетінің өкілдері қабылдап алған және оның жағдайына алаңдауға ешқандай себеп болмаған.
XS
SM
MD
LG