Accessibility links

Бакуде тұрғын үй өтемақысына наразылық танытты


Бакудегі наразылық шеруі. Әзербайжан, 16 ақпан 2014 жыл.

Бакудегі наразылық шеруі. Әзербайжан, 16 ақпан 2014 жыл.

Бакуде 16 ақпанда мыңға жуық адам үкіметтің сүрілуге тиіс бес үйге беретін өтемақы мөлшерімен келіспей, наразылық шеруіне шықты.

"Ясамал" ауданының тұрғындары көшеге шығып, қала жоспары бойынша сүрілуге тиіс бес үйге берілетін өтемақы көлемін көбейтуді талап етті.

Үкімет бұл үйлерге өтемақы ретінде үйдің әр шаршы метріне 2050 АҚШ доллары көлемінде өтемақы ұсынып отыр. Бірақ акцияға қатысушылар Бакудің бұл ауданында жылжымайтын мүліктің шаршы метрі шамамен 5 мың АҚШ доллары тұратынын, үкімет ұсынған ақша жаңа үй алуға жетпейтінін айтты.

Демонстрацияда жергілікті билік пен полиция өкілдері де жүрді. Бірақ олар митингке кедергі келтірген жоқ.
XS
SM
MD
LG