Accessibility links

Украинада рақымшылық заңы күшіне енбек


Демонстранттар қалалық мэрияны тастап шығып барады. Киев, 16 ақпан 2014 жыл.
Демонстранттар қалалық мэрияны тастап шығып барады. Киев, 16 ақпан 2014 жыл.
Украина бас прокуроратурасы Киевтегі наразылық шерулеріне шыққандарға рақымшылық бүгіннен жасала бастайтыны туралы хабарлады. Прокуратура таратқан ресми ақпаратқа қарағанда, демонстранттар бұдан бірнеше апта бұрын басып алған үкімет үйлерін босатып, келісім шарттарын орындай бастаған.

Мәлімдемеде рақымшылық өткен жылғы желтоқсанның 27-сі күні мен 2 ақпан аралығында болған митингілерде заң бұзғаны үшін ұсталғандарға жасалатыны айтылған.

Кеше, 16 ақпанда демонстранттар Киев қалалық мэриясын босатқан еді. Бірақ қалада шерулер әлі басылмай тұр.

Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Торбьорн Ягланд демонстранттардың қала мэриясын босатуы мен биліктің ниетін құптап, мұны Украинаның дағдарыстан шығуының басы болуы мүмкін деп атады.
XS
SM
MD
LG