Accessibility links

Назарбаева елде анальгетиктер өндіруге шақырды


Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева.
Парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева бүгін үкімет сағатында есірткіге тәуелді адамдарға арнап Қазақстанда құрамында есірткі бар анальгетика өндіруді ұсынды. Назарбаеваның сөзінше, елде "есірткіге тәуелді адамдар ауруы мен азабын басатын осындай анальгетиктерге еркін қол жеткізе алмайды".

"Созылмалы дерттің азабын уақытша баса тұратын, құрамында есірткі бар фенталин аз сатылып алынады, ал морфин таблеткасы мүлдем жоқ. Қазақстанда бұл заттарға деген сұраныс тым азайтылып көрсетілген" деді Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, Украинадағыдай Қазақстанның өзінде арзан, таблетка түріндегі есірткілік анальгетикалық заттарды өндіру мәселесін шешу қажет.

Дариға Назарбаева қаңтар айында Шу алқабындағы жабайы карасора плантацияларын дәрі-дәрмек жасау үшін ірі фармацевтикалық компанияларға беру туралы ұсыныс айтқан еді.
XS
SM
MD
LG