Accessibility links

Эфиопия ұшағын айдап әкеткен адам Женевада ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Швейцария полициясы бүгін "Эфиопия әуе желісі" компаниясының Boeing 767 ұшағын айдап әкеткен адамды ұстағандарын хабарлады.

Швейцариялық құқық орындарының дерегінше, Аддис-Абебадан Римге қарай ұшып келе жатқан жолаушылар ұшағы бүгін Женеваға жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат алтыда қонуға мәжбүр болған. Полиция төтенше оқиғаның бақылауға алынғанын айтады. Әуежай қазір жабық тұр.

"Эфиопия әуе желілері" компаниясы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелеріне қауіп жоғын, ешкім зардап шекпегенін айтады.

Boeing 767 ұшағын белгісіз адамдар Суданның әуе кеңістігінде басып алған. Ұшақты басып алуға не себеп болғанын белгісіз. Кейбір расталмаған деректер бойынша, ұшақта Швейцариядан саяси баспана сұрауды жоспарлаған адамдар болған.
XS
SM
MD
LG