Accessibility links

Иран Пәкістанға әскер жіберетіні туралы ескертті


Иран шекарашысы. (Көрнекі сурет)

Иран шекарашысы. (Көрнекі сурет)

Иран "Пәкістан ирандық шекарашыларды босату шараларын жасамаса, бұл елге әскер жіберетінін" айтып, ескерту жасады. Бұл туралы 17 ақпан күні Иранның ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани мәлімдеді.

Бұдан бір апта бұрын аса танымал емес сүнниттік радикалды Jaish-ul Adl тобы ирандық бес шекарашыны ұрлап әкеткендерін мәлімдеп, олардың суреттерін Twitter-ге жариялаған еді.

Өткен аптада Иран сыртқы істер министрі Пәкістанның Ирандағы елшілігі өкілін шақыртып алып, Исламабадтан "Пәкістанда жасырынған экстремистік топ мүшелері мен оның басшыларына қарсы қатаң шара қолдануды" талап еткен.

Jaish-ul Adl өткен жылдың қараша айында ирандық прокурорды өлтіргенін, ал қазан айында Иран шекарашыларына шабуылдағанын мәлімдеген. Ол шабуылдан 14 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG