Accessibility links

Ауғанстан сыналған заңды қайта қарамақ


Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Кабул, 4 ақпан 2014 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай. Кабул, 4 ақпан 2014 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай парламентке "әйелдер құқығын шектейді" деген сынға ұшыраған заң жобасын қайта қарауды тапсырды.

Ауғанстан парламенті күдіктінің отбасы мүшелері мен туыстарын тергеуге тыйым салатын "Қылмыстық процедуралар туралы заңның" жаңа нұсқасын қабылдаған.

Батыс елдері мен құқық қорғау ұйымдары "заң жобасы әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан және оларды өз еркінен тыс күйеуге беруден қорғай алмайды" деп сынаған еді.

Президент Хамид Карзайдың баспасөз хатшысы Аймал Файли Associated Press агенттігіне берген сұхбатында қылмыстық кодекс жобасы әділет министрлігі оған өзгерістер мен түзетулер енгізбейінше күшіне енбейтінін мәлімдеді. Президент өкілі жаңа заң "отбасы мүшелері мен туыстарының бір-біріне қарсы куәлік беруіне тыйым салмауы қажет" екенін айтты.
XS
SM
MD
LG