Accessibility links

Кей банктер салымшылар қаржысын қайтармай отыр


"Каспи банктегі" кезек. Астана, 18 ақпан 2014 жыл. Сурет Фейсбук әлуметтік желісінен алынды.

"Каспи банктегі" кезек. Астана, 18 ақпан 2014 жыл. Сурет Фейсбук әлуметтік желісінен алынды.

Бүгін Алматыда kaspi bank бөлімшелері осы банкке валютамен ақша салған адамдардың қаржысын бермей жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "kaspi bank банкротқа ұшырайды" деген ақпарат тараған еді. Алматыдағы осы банктің Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан бөлімшесіне барған Азаттық тілшісі мұнда салымшылар қарасы мол екенін хабарлаған.

Банк доллармен депозит ашқандардың ақшасын тек ертең қайтаратынын айтып, жеке бас мәліметтері мен телефон нөмірлерін алып қалып жатыр. Банк өкілдері айтуынша, бөлімшеде қазір қолма-қол доллар жоқ.

Мұндай жағдай kaspi bank-тің Астанадағы бөлімшесінен де байқалған.

Алматыда "Альянс банкі" салымшылары ақшаларын қайтаруға тырысқан. Бұл банк салымшылар қаражатын алдағы жұма, дүйсенбі күндері алуға болатынын айтқан.

Банкрот туралы мәліметті kaspi bank "арандату" деп атап, оны WhatsApp Messenger және SMS арқылы таратқан адамды табуға жәрдемдескендерге 100 млн теңге сыйақы белгіледі.

Аймақтарда әзірге мұндай дүрбелең жоқ.
XS
SM
MD
LG