Accessibility links

Бангкоктегі қақтығыстардан 4 адам қаза тапты


Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.

Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават.

Таиланд астанасы Бангкокте сейсенбіде биліктің үкіметке қарсы шерушілерді күшпен таратуы кезінде төрт адам, оның ішінде бір полицей қаза тапқан. Полицияның хабарлауынша, қақтығыстардан 60-тан аса адам жараланған. Арнайы операция кезінде наразылық акцияларына қатысқан 100 шақты адам тұтқындалған.

Таиландтағы шерулер 2013 жылдың қараша айынан бері жалғасып келеді. Шерушілер премьер-министр Йинглак Чиннаватты билік жүргізуде қазір шетелде тұрып жатқан ағасы Таксин Чинаваттың ықпалында кетті деп айыптап, отставкаға кетуді талап етеді. Таксин Чинават 2006 жылы әскери төңкеріс кезінде биліктен кетірілген еді.

Коррупциямен күрес агенттігі де үкімет басшысына күріш өндіру индустриясын субсидиялауда күмәнді саясат жүргізді деп айыптау ниеті барын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG