Accessibility links

Алматы іргесіндегі ауыл жұрты наразылық танытты


Бүгін Алматы облысының іргесіндегі, Іле ауданына қарасты Жомарт ауылының 50-ге тарта тұрғыны электр бағасына қатысты наразылық білдірді.

Олар бұған дейін өздері тұтынып келе жатқан электр қуатының әр киловаты үшін ауыл кооперативі өкілдеріне 21 теңгеден төлеп келген айтады. Бірақ өткен аптада теңге күрт құнсызданғаннан кейін электр қуатының бағасы өсіп, бір киловаты енді 24 теңге болып белгіленген. Бұған қарсылық білдірген тұрғындар ауыл әкімі мен кооператив өкілдерін шақыртқан.

Тұрғындардың Азаттық тілшісіне айтуынша, олар аудандық электр қуатын тарату орталығынан бұған дейін тұрғындар үшін электр қуатының әр киловатының бағасы 17 теңгеден болғанын енді ғана естіп білген.

"Кооператив өкілдері бізден 17 теңгенің орнына 21 теңгеден, яғни төрт теңгеден артық алып отырған" дейді тұрғындар.

Сонымен бірге электр тарату орталығындағылар тұрғындарға электр қуаты бағасының өспегенін, бұрынғыдай 17 теңге күйінде қалғанын айтқан.

Жомарт ауылы тұрғындарының бүгінгі жиынына әкімдіктен де, кооператив өкілдерінен де ешкім келмеді.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG