Accessibility links

Сот Сыздықоваға қарызын қайтаруды үкім етті


Қазақстан парламентінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова. Астана, 5 қазан 2009 жыл.

Қазақстан парламентінің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова. Астана, 5 қазан 2009 жыл.

Бүгін Астанада ауданаралық экономикалық соты судьясы Шолпан Нүсіпова "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігінің басшысы, парламенттің экс-депутаты Бақыт Сыздықоваға қатысты шешім шығарды. Судья "Сыздықова "Нұр Отан" партиясына тиесілі 7 миллион теңге қарызын қайтаруы керек" деді.

Сыздықова бүгін Twitter-де сотқа шақырту қағазын алмағанын, соттың қашан басталатыны туралы тек журналистерден естіп-білгенін жазды. Бірақ сот Сыздықоваға соттың қашан басталатыны хабарланғанын айтқан.

"Нұр Отан" партиясы бұған дейін Сыздықова басқарған "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігінен 7 миллион теңге қарыз ақшасын өндіріп беру туралы сотқа шағымданған еді. Партия бұған дейін Сыздықованың ұйымына қарыз ақшаны қайтару туралы бірнеше рет ескерту хат жолдап, нәтиже шықпаған соң сотқа жүгінгенін хабарлаған.

Бақыт Сыздықова ол ақшаны 2008 жылдың қараша айында КВН жастар телевизиялық жобасына көмек көрсету үшін алғанын айтқан.

«Мүшелік жарнаны төлемеді, партбилетті бүлдірді және өсімін қосқандағы 15 миллион теңге қарызын қайтармады» деген айыптармен Бақыт Сыздықова былтыр қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясынан шығарылған.
XS
SM
MD
LG