Accessibility links

Украинада антитеррористік операцияға дайындалып жатыр


Украинадағы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Киев, Тәуелсіздік алаңы, 19 ақпан 2014 жыл.
Украинадағы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Киев, Тәуелсіздік алаңы, 19 ақпан 2014 жыл.
Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Якименко 26 адам мерт болған қантөгістен кейін елде жалпыұлттық "антитеррористік" операцияға дайындық жүргізілетінін хабарлады. Оның айтуынша, соңғы күндері қауіпсіздік күштерінің қолынан 1500-дей қару мен 100 мыңға жуық оқ-дәрі тартып алынып, "қылмыскерлер" қолына түскен.

Бірақ қауіпсіздік қызметінің басшысы нақты қандай антитеррористік операция жүргізілетінін ашып айтпады.

Кеше Украина президенті Виктор Янукович елдің қарулы күштері қолбасшылығы бас штабының басшысы Владимир Замананы қызметінен алып, орнына әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Юрий Ильинді қойды. Қорғаныс министрлігі мұның алдында елдің қарулы күштері қауіпсіздік күштері өткізетін жалпыхалықтық антитеррористік операцияларға қатысуы мүмкін деген еді.

Киевтің орталығындағы Тәуелсіздік алаңында үкіметке қарсы мыңдаған демонстрант пен полицияның қарсылығы әлі жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG