Accessibility links

Украинада бүгін қаралы күн жарияланды


Тәуелсіздік алаңында тұрған шерушілер. Киев, 19 ақпан 2014 жыл.

Тәуелсіздік алаңында тұрған шерушілер. Киев, 19 ақпан 2014 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович қақтығыстарда ондаған адамның қаза табуына байланысты 20 ақпанды қаралы күн деп жариялады деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

"Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан адам шығыны болғанына байланысты Украинада 20 ақпанды қаралы күн деп жариялаймын. Сөзбен көмектесе алмайтынымды, қандай ауыр қайғыға тап болғандарыңызды түсінемін. Бірақ осы сәттерде қайғыра көңіл айтқанымды және қолдауымды сезінгендеріңізді қалаймын" деген Янукович 19 ақпан күні шығарған жарлығында.

Бүгін Украинада барлық мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, концерт және ойын-сауық бағдарламалары, спорт жарыстары өтпейді.

18 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы оппозиция талап еткен конституцияның 2004 жылғы нұсқасын қалпына келтіру туралы қаулыдан бас тартқаннан кейін Киевте жаппай наразылық күшейген еді. Шерушілер мен полицияның қақтығысынан 26 адам мерт болып, жүздеген адам жараланған.
XS
SM
MD
LG