Accessibility links

Киевте шерушілер мен полиция қайта қақтығысты


Киевтегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. 20 ақпан 2014 жыл.
Киевтегі шерушілер мен полицияның қақтығысы. 20 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Киевте үкіметке қарсы шерушілер мен полициямен қақтығысып, Тәуелсіздік алаңын қайта басып алды. Шерушілер полицияға жанармай құйылған шөлмектер мен тас лақтырып, полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқтар атып жатыр.

Кеше Украина президенті Виктор Янукович пен оппозиция жетекшілері елде саяси дағдарыстан шығу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу үшін "уақытша бітім" жасасқан еді.

BBC Киевтегі қақтығыстарда атыс дыбысы естіліп жатқанын хабарлады. Екі жақтан да жараланғандар бар.

Украина телеарналары бүгін таңертеңгі қақтығыстардан кейін алаңға жақын жерде беттері жабылған екі адамның қимылсыз жатқан денелерін көрсетті.

Жергілікті ақпарат құралдары алаң маңындағы орналасқан парламенттің эвакуацияланғанын хабарлап жатыр.

Франция, Германия және Польша сыртқы істер министрлері бүгін кешке Киевте Януковичпен кездеседі деген жоспар бар. Бірақ "уақытша бітімнен" кейін қақтығыстардың қайта жалғасуы кездесуге қалай әсер ететіні белгісіз.
XS
SM
MD
LG