Accessibility links

Павловты экстрадициялау шарасы тоқтатылды


Қазақстан билігі халықаралық іздеу жариялаған Александр Павловтың Интерпол сайтындағы суреті.
Қазақстан билігі халықаралық іздеу жариялаған Александр Павловтың Интерпол сайтындағы суреті.
Испания соты Александр Павловты Қазақстанға экстрадициялауды тоқтата тұру жайлы шешім шығарды деп хабарлады оның адвокаттарының бірі Мария Коста.

Бұған дейін Испания министрлер кеңесі мақұлдаған үкімет қаулысы Павловқа ол елден баспана бермеу жайлы шешімге қарсы шағым берілген соң тоқтатылған. Экстрадиция процесі енді кемінде 10 күнге дейін кейінге қалуы мүмкін.

Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағары, 37 жастағы Александр Павлов 2012 жылы желтоқсанда тұтқындалғаннан бері Мадрид түрмесінде жатыр. Ол "теракт ұйымдастырмақ болды" деп айыптаған Қазақстанның сұрауымен ұсталған еді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Павловқа тағылған айыптың саяси астары бар екенін айтып, Испания билігінен оны Қазақстанға экстрадицияламауды сұрады. Amnesty International ұйымы 19 ақпан күні "Павловтың Қазақстанда азапталу қаупі бар" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG