Accessibility links

Астаналық белсенділер Украинаға көңіл айтты


Белсенділер Украина елшілігіне көңіл айтуға жиналып тұр. Астана, 20 ақпан 2014 жыл
Белсенділер Украина елшілігіне көңіл айтуға жиналып тұр. Астана, 20 ақпан 2014 жыл
20 ақпан күні кешкісін жиырма шақты жергілікті қоғамдық белсенді Астанадағы Украина елшілігінің алдына жиналып, осы елде болып жатқан үкіметке қарсы наразылық шерулері кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Олар елшілік қақпасына гүл шоқтарын қойып, шырақ жақты.

Белсенділердің алдынан елшілік өкілдері шықты. Өзін Қазақстандағы Украина елшілігінің кеңесші-уәкілімін деп таныстырған Юрий Лазебник көңіл айта келгендерге алғысын білдірді.

"Украинадағы құрбандарға алаңдаушылық танытқандарыңыз үшін рахмет айтамыз. Бізге, елшілік қызметкерлеріне бұл оқиға змоциялық тұрғыда ауыр тиді. Дегенмен Украинадағы жағдай шешімін табады деп үміттенеміз" деді Лазебник.

Астанадағы Украина елшілігінің ауласына тігілген осы елдің туы бүгін төмен түсірілді. Соңғы бірнеше күнде Украина астанасы Киевтің орталық алаңы - Майданда үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен оларды таратуға жұмсалған полицейлер қақтығысып жиырмадан астам адам өлген еді. Осыған байланысты елде 20 ақпан аза тұту күні деп жарияланған.
XS
SM
MD
LG