Accessibility links

Лондон мен Тегеран қайтадан елшілік байланыс орнатты


Лондондағы Иран елшілігі. 30 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Лондондағы Иран елшілігі. 30 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлыбритания мен Иран 2011 жылы үзілген дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге ресми түрде келісім жасасты.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, екі ел 20 ақпаннан бастап қарым-қатынасты ресми тұлғалар арқылы үйлестіріп отыруға келіскен. Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Такх-Раванчи де ISNA агенттігіне тікелей дипломатиялық қарым-қатынастың қалпына келтірілгені туралы ақпаратты растаған.

2011 жылы ирандық радикалдар Тегерандағы Ұлыбритания елшігіне басып кіргеннен кейін екі ел дипломатиялық байланысын үзген еді.

Ал былтыр тамызда Иран билігіне Хассан Роухани келгеннен кейін Лондон мен Тегеранның байланысы жақсара бастаған. Өткен жылдың желтоқсанында Иранға Ұлыбританияның жаңа елші қызметін атқарушысы Аджей Шарма барып қайтқан.
XS
SM
MD
LG