Accessibility links

Канада Украинаға санкциялар салмақшы


Шерушілер мен полицияның қақтығысы. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.
Шерушілер мен полицияның қақтығысы. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.
Канада премьер-министрі Стивен Харпер Киевтегі қантөгістерге қатысы бар деп саналатын Украинаның жоғары шенді шенеуніктеріне қарсы санкциялар салынатынын хабарлады.

Канадада үлкен украин диаспорасы бар. Мұндағы соңғы халық санағы бойынша, канадалықтардың 1,2 миллионға жуығы - Украинадан шыққандар.

Осы аптада Оттава Киевтегі демонстранттарға медициналық көмек жіберілетінін хабарлаған. 19 ақпанда Канаданың Киевтегі дипломатиялық миссиясы қызметін тоқтатқанға дейін мұнда бірнеше адам пана тапқан.

Бұған дейін Украинаға Еуропа Одағы да санкциялар салған. Кеше Брюссельде өткен Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің төтенше жиынында Киевтегі қантөгістер мен демонстранттарды күштеп басуға қатысы бар делінген шенеуніктерге қарсы бірқатар санкциялар салынды.
XS
SM
MD
LG