Accessibility links

Қытай Обаманы Далай Ламамен кездеспеуге шақырды


Тибеттің діни көсемі Далай Лама.

Тибеттің діни көсемі Далай Лама.

Қытай билігі АҚШ президенті Барак Обаманы Тибеттің қуғындағы діни көсемі Далай Ламамен кездесу жоспарынан бас тартуға шақырып, кездесудің екі ел қарым-қатынасына "айтарлықтай нұсқан келтіретінін" ескертті.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Обама бүгін Қытайдағы адам құқықтарының жағдайына қатысты Нобель сыйлығының иегері Далай Ламамен кездесетінін хабарлаған.

Ресми Пекин Далай Ламаны "Тибетте зорлық-зомбылық арқылы тәуелсіздік орнатқысы келетін "қой терісін жамылған қасқыр" деп атайды.

"АҚШ басшысының Далай Ламамен кездесуі Қытайдың ішкі ісіне араласу болып саналады және ол халықаралық қатынастар нормаларын бұзады" деді Қытай сыртқы істер министрлігі өкілі Хуа Чуньин.

1959 жылы сәтсіз болған көтерілістен кейін Үндістанға бас сауғалап кеткен Далай Лама "зорлық-зомбылықты насихаттайды" деген айыпты жоққа шығарып, Тибеттің шынайы егемендікке қол жеткізуін қалайтынын айтады.
XS
SM
MD
LG