Accessibility links

Сот блогер Дина Байділдаеваға ескерту жасады


Блогер Дина Байділдаеваны (ортада) полиция алаңнан әкетіп барады. Алматы, 8 ақпан 2014 жыл.

Блогер Дина Байділдаеваны (ортада) полиция алаңнан әкетіп барады. Алматы, 8 ақпан 2014 жыл.

Бүгін Алматының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотында блогер Дина Байділдаеваның үстінен қозғалған әкімшілік құқық бұзу туралы іс қаралды.

Сот Дина Байділдаеваға ескерту жасау туралы шешім шығарды. Прокуратура өкілі блогерді "рұқсатсыз пикетке шықты" деп айыптап, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуды сұраған еді.

Блогер, Азаттық радиосының әлеуметтік желілермен байланыс жөніндегі редакторы Дина Байділдаева 8 ақпанда Алматының орталық алаңында сол кезде қамауда отырған блогерлер Дмитрий Щелоков, Ринат Қибраев және Нұрәлі Айтеленовті босатуды талап етіп, жалғыз өзі наразылық акциясын өткізген еді. Оны алаңнан полицияның ұстап әкеткені туралы видео Youtube желісінде жарияланған.
XS
SM
MD
LG