Accessibility links

Киевте "алдын-ала келісім" жасалғаны хабарланды


Еуропа Одағы сыртқы істер министрлері келіссөздерден шығып барады. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.

Еуропа Одағы сыртқы істер министрлері келіссөздерден шығып барады. Киев, 20 ақпан 2014 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция жетекшілері және Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің келіссөздерінде елдегі саяси дағдарысты реттеу жөнінде "алдын-ала уағдаластыққа" қол жеткізілгені туралы хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратта келісімге бүгін түс ауа қол қойылатыны хабарланғанымен, келісім туралы егжей-тегжейлі ештеңе айтылмаған.

Бұған дейін ЕО өкілдері келіссөздердің "өте ауыр түрде" жүріп жатқанын айтқан.

Киевтегі келіссөздерге Ресей президентінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Владимир Лукин де қатысқан.

Киевте 18 ақпаннан бері демонстранттар мен милиция жасақтары арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 18 ақпаннан бері елде қақтығыстардан 77 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG